ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ БАУЫРЛАС ЕЛ
Бауырлас халықтар – Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасын бұрынғысынша ерекше қарым-қатынас байланыстырып келеді.
2000 жылдың мамыр айында сайланған Түркия президенті А.Сезер сол жылдың қазан айында Астанаға келді. Терроризммен күрестегі ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.
2003 жылдың мамыр айында Елбасы Түркияға қарымта сапар жасады. Түрік президентімен кездесуде екіжақты қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтеретін сәт туғаны жайлы талқыланды. Екіжақты мәлімдемеде Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестікке бағдар ұстай беретінін атап көрсетті.
2007 жылдың желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркия президенті Астанаға сапармен келді. Бұл кездесуде ұзақ мерзімді экономикалық әріптестік жоспарына қол қойылды және Бакуге мұнайды танкермен жеткізу мәселесін талқыланды.
Екі елдің ынтымақтастығын дамыту мен түркітілдес елдердің көшбасшылығына қосқан үлесі үшін Н.Назарбаевты А.Гүл жоғары мемлекеттік марапат – Түркия Республикасының орденімен марапаттады. Түркия президенті:
«Қазақстан – бауырлас ел. Сол үшін де біз он жеті жыл армандаған Түрік Кеңесін құрдық», – деп мәлімдеді.
Түркияда қазақ халқының тарихи тұлғаларына – Абылай ханға, Қабанбай батырға, Абайға, Мағжан Жұмабайұлына, Мұхтар Әуезовке ескерткіштер қойылды.
2009 жылы Астанада, Есіл өзенінің жағасында Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ашылуы да Қазақстан Республикасының достық қадамы болды.