ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

Шекараның беріктігі мен мемлекеттік әскери қауіпсіздігі тікелей тәуелді бас институттардың бірі – Ұлттық Қарулы күштер. Тәуелсіздік алған кезде Қазақстанда әскери құрылысқа байланысты тәжірибе болмады.
Қазақстан әскерінің ресми тарихы мен «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойған 1992 жылдың 7 мамырынан басталады.
1992 жылдың 18 тамызында бұрынғы КСРО-ның Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскері жасақталды.
Ел әскері қалыптасқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, бізге қысқа мерзімде әскерді тікелей басқару жүйесін құрып, оны қаржыландыруды, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді бір ізге түсірудің сәті түсті.
Қорғанысты ұйымдастыру принциптерін, мемлекеттік билік пен басқарудың өкілеттігін нақтылайтын 1993 жылдың 9 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы күштері туралы» заңының басты да негізгі маңызы болды. Онда сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі Қарулы күштердің рөлі, орны мен міндеттері белгіленді.
Офицерлік кадрлар даярлау үшін арнаулы курстар мен экстернаттар ашылды. Әскери кадрлар даярлауда Алматы жоғары әскери училищесі мен 1994 жылы Азаматтық авиацияның Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесінің әскери кафедрасы базасында құрылған әскери әуе күштері факультеті маңызды рөл атқарды.
Н.Назарбаев Қарулы күштердің Бас қолбасшысы ретінде әскери кадрлар даярлаған кезде жауынгерлік әрекеттерге, стратегиялар мен заманауи шайқас тактикасының тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу керек деп есептеді. Қаржының шектеулі екеніне қарамастан, осы мақсатта жүйелі түрде әскери жаттығулар өткізілді.
Әскеріміз қалыптасып жатқан уақыттың қиыншылықтарына қарамастан, біз қысқа мерзімде Қарулы күштерді басқару жүйесін құрып, әскерді қаржыландыру, оны техника және құрал-жабдықпен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету жүйелерін жасақтадық. Соңынан әскеріміз өтпеді кезең сындарынан абыроймен шықты деуге толық негіз бар.