ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында Қазақстан спорты өрлеу кезеңін басынан кешірді. Мемлекеттің ұдайы қолдауы мен спортшылардың ынта-жігері жоғары нәтижелердің кепілі болды.
2000 жылы Сиднейде (Австралия) Олимпиялық ойындар өтті. Қазақстан құрама командасы үлкен табысқа жетіп, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-орынды иеленді. Қазақстандық үш спортшы – боксшылар Бекзат
Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов және жеңіл атлет Ольга Шишигина Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальды Мұхтархан Ділдәбеков пен Болат Жұмаділов (бокс), Ислам Бай рамуков (еркін күрес), Александр Винокуров (велоспорт) жеңіп алды.
Қазақстанның үздік спортшылары 2004 жылы Афинада өткен Олимпиялық ойындарға қатысты. Бақтияр Артаев Олимпиада алтынын алып,дәстүр бойынша ең шебер боксшыға берілетін Баркер кубогын да иеленді.
Күміс жүлдені ГеннадийГоловкин (бокс), СергейФилимонов (ауыр атлетика), ГеоргийЦурцумия (грек-рим күресі), ГеннадийЛалиев (еркін күрес) жеңіп алды. ДмитрийКарпов (онсайыс), Серік Елеуов (бокс), Мхитар Манукян (грек-рим күресі) қола жүлдегер атанды.
2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиялық ойындар үлкен спорт әлеміндегі маңызды оқиғаға айналды. Қазақстандық спортшылар бұл сында да елімізді жақсы қырынан танытып, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан жалпы есепте 205 мемлекет ішінде 29-орынға тұрақтады.
2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында биатлоншы Елена Хрусталева олимпиада күмісін жеңіп алды. 2010 жылы спорттың жазғы олимпиядалық түрлері бойынша әлем чемпионаттарында қазақстандық атлеттер – 11 медаль, Азия чемпионаттарында – 50 медаль, Азия кубоктарында – 6 медаль,
Еуразиялық ойындарда 131 медаль еншіледі.
2006 жылы Қазақстан 2011 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды. Бұл жетістік кездейсоқ емес еді. Өйткені Қазақстан Пусанда (Оңтүстік Корея, 2002 жыл), Аомориде (Жапония, 2003 жыл), Дохада (Катар, 2006
жыл) және Чанчуньда (Қытай , 2007 жыл) өткен Азия ойындарында командалық есеп бойынша абыройлы төр тінші орынды тұрақты иеленіп келе жатыр еді.
2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматыда өткізілген VII Қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар өте жақсы өнеркөрсетіп, 32 алтын, 21 күміс және 17 қола жүлде жеңіп алды. Қазақстан құрамасы алтын жүлде саны бойынша шаңғымен бағдарлау) – төрт-төрттен, Александр Червяков (биатлон) – үш, Николай Чеботько (шаңғымен жүгіру), Юлия Галышева (фристай л), Игорь Закурдаевжәне ДмитрийКошкин (тау шаңғысы) екі-екі алтыннан иеленді.
Қазақстандық альпинистер де үлкен табыстарға қол жеткізді. 2010 жылы Ерванд Ильинский бастаған Қазақстан командасы әлемде бірінші болып жер шарындағы биіктігі сегіз мың метрден асатын 14 шыңның бәрін бағындырды.
Республикада кәсіпқой спорт дамыды, бокстан, велоспорттан, футболдан, хоккейден кәсіпқой клубтар құрылды. Қазақстандық боксшылар – ВасилийЖиров пен ГеннадийГоловкин әлемге танылды.
2010 жылы қазақстандық және шетелдік боксшылардың басын қосқан «Astana Arlans» кәсіпқой спорт клубы құрылды. Содан бері клуб Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасына тұрақты қатысып келеді.
2008 жылы Астананың «Барыс» хоккейкомандасы алға үлкен қадам жасады: Еуразия кеңістігінің ең жоғары дивизионында – Құрлықтық хоккей лигасында ойнай бастады.
Қазақстан туы астындағы спорттық жеңістер синергетикалық әсер берді: отаншылдықты мығымдады, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеді,
Қазақстанның табысты өркендеп келе жатқан ел ретіндегі халықаралық беделін арттыра түсті.