ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАНША АДАМ АЛДЫ?

29 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1 092 757 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
Министрлік ақпаратына сәйкес, коронавирусқа қарсы егілген 1 092 757 азаматтың 225 095-і вакцинаның 2 компонентін толық алған.
Препараттың 2 бөлігін де салдырған тұрғындар бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы қалып отыр – 45 775. Одан кейінгі орында: Түркістан (21 073 адам) және Алматы облыстары (20 742) тұр.