ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРҒАНДАР САНЫ 1 ЖАРЫМ МЛН-ҒА ЖУЫҚТАДЫ
![](https://aldaspaninfo.kz/wp-content/uploads/2021/05/бес-статистика.jpg)
5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады.
Бұл ретте вакцинаның екі компонентін қатар салдырғандарың саны 400 740-қа жеткенін айта кету керек.
Вакцина салдырудан бұрынғыдай Алматы қаласы (234 516) мен Алматы облысы (168 234) көш бастап тұр.