ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛҒАНДАР САНЫ 2 МЛН-ҒА ЖУЫҚТАДЫ

2021 жылғы 17 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 844 938 адам вакцина салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Жалпы Қазақстанда өткен тәулікте 1738 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 2089 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды.