ҚАЗАҚСТАНДА КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ҮШ ВАКЦИНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ
Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
«Қазіргі уақытта елімізде шектеу жоқ, вакцинаны Қазақстанның кез келген қаласында ектіруге болады. Осы орайда жақында орналасқан емханаға немесе екпе жүргізіліп жатқан сауда орталығына баруға мүмкіндік жасалды. Вакцина ақысыз түрде жүргізіліп жатыр», — деп тоқталды министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда ол елімізде «Спутник V» және отандық QazVac вакцинасын егу жүргізіліп жатқанын еске салды.
«Бүгін қосымша араб вакцинасын аламыз. Яғни, бұл екпе «Синофарм» компаниясының қытайлық технологиясымен өндірілген. Қазіргі кезде осы вакцинаны күтіп отырмыз және оны өңірлерге таратамыз. Осы арқылы бізде халық үшін үш вакцина қолжетімді болады», — деді А. Цой.