ҚАЗАҚСТАНДА ТЕЛЕӨЛШЕУ ОНЛАЙН-СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылдан бері Қазақстанда медиа өлшеулер жүйесін дамыту бойынша жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда телеөлшеулер процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы онлайн-сервисті іске қосты, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Сервис барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға негізгі қазақстандық телеарналарын аудиториялық көрсеткіштерімен тікелей режимде танысуға мүмкіндік береді.
Министрліктің сайтында ұсынылған аудиторлық көрсеткіштер Қазақстанның 21 қаласындағы 400 мыңнан астам үй шаруашылығы бойынша қалыптасады. Қазіргі уақытта сервисте телеарналар үлесі жөнінде (талданып жатқан уақыт аралығында кез келген талданып жатқан республикалық телеарнаны қараған барлық телекөрермендерден пайыздық тұлғалаудағы телеарна көрермендерінің саны), әр минут сайын қамту (минутына бір рет болсын телеарнаны қараған телекөрермендер саны) және телебағдарламаларды қамту (нақты бір телебағдарламаны қараған бірегей телекөрермендер саны) көрсеткіштері қолжетімді.
Сервисті іске қосу телекөрерменнің талабына жедел түрде жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық теледидар контентінің бәсекелестігін одан әрі арттыруға жол ашады деп күтілуде.