ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІ ӨСТІ

2010-шы жылдары қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі өсті: көптеген азаматтар банктегі салымдарын ұлғайтты, автокөліктер сатып алды, тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Мәселен, Тәуелсіздік жылдарында тұрғын үймен қамтылу деңгейі 1,5 есе өсті.
Дәл бұрынғыдай, отандық және шетелдік туризм белсенді түрде дамыды, еңбек демалыстары және каникулдар кезінде отбасымен демалыс орындарына барып демалу кең қанат жайды. Егер 2010 жылы қазақстандықтардың шетелге барып демалу көрсеткіші 6 миллион болса, ол 2014 жылы 10 миллионнан асты.
Тұтынушылық деңгейі жоғарылады, кедейлердің саны әжептәуір азайды. Табысы күнкөріс минимумынан төмен тұрғындардың саны 2010 жылдардың алғашқы жартысында екі еседен аса қысқарды, сөйтіп, 3 проценттен кем болды.

2016 жылы Қазақстан өз газымен өзін қамтамасыз етуге толықтай көшті. Бұл тек экспорт көлемін ғана ұлғайтып қойған жоқ, сонымен бірге жүздеген мың қазақстандықтың тұрғын үйлерін газбен қамтамасыз етуге қол жеткізді.

Әлемдік дағдарыс пен ақшаның құнсыздануына қарамастан, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі тұрақты болып қалды және 2010-шы жылдары жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі орташа деңгейден жоғары болды. Халықтың әл-ауқатын зерттейтін Legatum халықаралық институтының рейтингінде Қазақстан 2014–2015 жылдары 55-56 орындарды иеленсе, адамзат дамуының рейтингінде (Human Development Report)
2015 жылы 14 позицияға көтеріліп, 56-орынға шықты.

Тәуелсіздік жылдарында бір адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім 13 есе өсті. Қазақстандықтар бірте-бірте доллар эквивалентіне тәуелділіктен шығып, жеке және отбасылық бюджетін теңгемен неғұрлым көбірек есептейтін болды. Экономиканың даму нәтижесінде өмір сүрудің қаншалықты жақсара түскенін азаматтар сезіне бастады.