ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
2017 жыл – Қазақстан үшін сыртқы да, ішкі де саясатта елеулі жыл болды.
2017 жылы Қазақстан көп қырлы, теңгерімді сыртқы саясатын жалғастырды, барлық көршілерімен және әріптестерімен – Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Америка Құрама Штаттарымен,
Еуропалық одақпен, Түрік Республикасымен және Еуразия құрлығындағы көптеген басқа достық қарым-қатынастарын дамытты.
Қазақстанның 2017 жылы халықаралық бірлестіктерге қатысуының маңызы зор болды. Астанада өткен ШЫҰ саммитінің (5-9 маусым 2017 жыл) маңызы зор болды. Оның басты оқиғасы – ШЫҰ құрамына Үндістан мен Пәкістан Ислам Республикасын мүшелікке қабылдау процедурасының аяқталуы еді.
Жиналысқа төрағалық жасаушы ретінде Н.Назарбаев Астана саммиті ұйымның тарихында жаңа кезеңнің басталғанын айғақтады деп атап өтті. Жаңа мүшелер қабылдау ШЫҰ-ның дамуына кең тыныс береді, беделінің артуына ықпал жасайды, өйткені ұйымның жауапкершілік аумағы Жер шарының жартысынан астам бөлігін қамтып жатыр. Сонымен бірге, Қазақстанның төрағалық жасау кезеңінде ШЫҰ мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді.
2017 жыл Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас үшін де неғұрлым маңызды болды. Біздің аймақ өзінің дамуының жаңа кезеңін бастан кешуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалық жасауының (2017–2018) басты басымдықтарының бірі – Орталық Азия елдерінің жалпы мүддесі болғандығы кездейсоқтық емес.
2017 жылғы ерекше оқиғалардың бірі Астанада (10-11 қыркүйек) өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым мен технология бойынша I Саммиті еді, оған қатысушылар 56 елден келді. Пленарлық мәжілісте күшті
біріктірудің қажеттігі баса айтылды және ИЫҰ-ның ғылыми-инновациялық қорын құру туралы ұсыныс келіп түсті. Бұл ретте, технология саласында жетекші Батыс елдерімен байланыс орнатылуы қажет. Бұдан өзге, исламның ғылым мен инновацияны қаржыландыруының, әсіресе, аграрлық секторда және «жасыл» технология саласында маңызы аса зор. Саммиттің қорытынды құжаты болып ИЫҰ-ның 2026 жылға дейінгі ғылым, технология
және инновация бойынша Бағдарламасы қабылданды. Астанадағы саммит ИЫҰ елдерінің ынтымақтастығы үшін ең алдыңғы қатарда – ғылыми-технологиялық секторда өріс ашты, ислам әлемінің бірігуінің дәлелі болды.
2017 жыл – Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жылдығы. Бұл уақыт аралығында 180-нен аса мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатылған, шетелдерде 57 елшілік ашылды және Қазақстанда
95 шетелдік өкілдіктер жұмысқа кірісті. Дипломатияның географиясы ұлғайды. Бұрын Қазақстанның қатынастары, негізінен, Еуропаға, Азияға және Солтүстік Америкаға бағытталса, енді Латын Америкасы мен Африкаға қарай ұлғайды, Орта және таяу Шығыспен байланыстар тереңдеп келеді. Қазақстандық сыртқы саясаттың дәстүрлі көпқырлылығы бәрін қамтушы сипатқа айналуда.
2017 жыл Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында жаңа кезеңнің қақпасын ашты. Сыртқы саясаттың қуатты тамыр лүпілі ішкі жүйелі жаңғыртуға тигізер әсерін күшейтті.