ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗИЯ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕСІНЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Елбасы 1992 жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен алғаш сөйлегенде әлемдік қоғамдастыққа ауқымды азиялық кеңістікте бейбітшілікті қамтамасыз ететін ұйым құруды ұсынды. Осы бағыттағы нақты әрекеттер бұрын да болғанымен, сәтсіз аяқталған. Заманауи саяси ахуал жағдайында,  Қазақстан Республикасының бастамасына сәйкес, ондай тиімді құрылым – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) бола алатын. Мұндай идея тек қана БҰҰ-да қолдау тауып қойған жоқ – оны құрлықтағы саяси ахуалды нақтылайтын, ЕҚЫҰ мен Араб мемлекеттерінің лигасы сияқты, ықпалды халықаралық құрылымдар да қолдады. Сол кезде ойластырылған нәрсені жүзеге асырудың ұзақ жылға созылған жұмысы басталды. Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері 1993–1994 жылдары АӨСШК-нің базалық құжаттар пакетін әзірлеген арнайы жұмыс тобын құрды. Ол бұдан әрі осы ұйымның барлық институттарын қалыптастырып, өзара байланыстыру, оның процедураларын реттеп, оған кіретін елдердің өзара әрекеттестік қағидаттарын орнату үшін қажет болды. АӨСШК-нің берік заңды іргетасы қаланды, енді жалпыазиялық сенімді қауіп сіздік жүйесін құруға мүдделі барлық күштерді ауыр жұмыс күтіп тұрды.