ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҰ-ДАҒЫ РӨЛІ
БҰҰ-мен ынтымақтастық – біздің еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. БҰҰ-ға мүше болған 168-ші мемлекет ретінде Қазақстан Ұйымның жұмысына белсене қатысады.
2000-шы жылдары Қазақстан БҰҰ-ның негізгі іс-шараларының бәріне белсене араласты. Мыңжылдықтың даму декларациясы мен мақсаты қабылданған «Мыңжылдық Саммитіне» де (2000 жыл) қатысты. Оның қорытындысы бойынша БҰҰ реформаларының негізгі бағыттары бекітілді. Қазақстан одан басқа да ірі конференциялардың ортасынан табылды.
2002 жылдың қазан айында БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға ресми сапармен келуі ынтымақтастықтың дамуындағы маңызды қадам болды. БҰҰ басшысының Астанаға миссиясы Қазақстан мен БҰҰ
арасындағы онжылдық ынтымақтастық нәтижесін нығайта түсті, сонымен бірге оның әрі қарай дамуындағы жаңа перспективаларды айқындады.
БҰҰ мүшесі ретінде Қазақстан терроризммен күресте өзіне бірқатар міндет алды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің контртерроризм комитетімен тығыз қарым-қатынасты жолға қойды.
2003 жылдың мамыр айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ирак халқына елді қалпына келтіруге көмек беру туралы қарар қабылдады. Қазақстанның бітімгершілік миссиясы 2003 жылдың тамызында басталды. Қазақстандық
офицерлер мен солдаттар бе
Қазақстанның табыстары мен оның БҰҰ қызметіндегі рөлін мойындаудың бір көрінісі 2006 жылдың қарашасында еліміздің БҰҰ-ның негізгі органдарының бірі – Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне сайлануы
болды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен бірінші болып БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне (ЭКОСОС) мүше 54 елдің қатарына енді.
2009 жылдың 2 желтоқсанында біздің елдің бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей полигоны жабылған күнді – 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсылық күні етіп белгілеу туралы қарар қабылдауы әбден заңды. 2010 жылдың сәуір айында Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ел тұрғындарына және табиғатқа үлкен залалын тигізген Семей полигонын жабу Қазақстанға бүкіл әлемдегі ядролық қауіпті азайту мәселесінде бастама көтеруге ерекше моральдық құқық бергенін атап өтті.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның жаһандық қауіпсіздіктің нығаюына қосқан үлесін мойындап, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі идеясын қолдады.
Қазақстанның принципті ұстанымы, халықаралық аренадағы жүйелі және шынайы қадамдары Қазақстан Республикасының ядролық қауіпсіздік саласында ғаламдық бітімгерге айналғанын нықтай түсті.