ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ БАЗАЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАР
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ мерзімді стратегия жасау туралы шешімді 1995 жылдың аяғында қабылдады. «Қазақстан стратегиясы-2030» төрт кезеңге бөлінді: 1997-2000 жылдар – дайындық кезеңі, 2000-2010 жылдар – бірінші кезең, 2010-2020 жылдар – екінші кезең және 2020-2030 жылдар – үшінші кезең. Сол аяқталған кезде Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек болды. 1997 жылғы тамызда Стратегияның жасалып біткен мәтіні дайын болды.
Бұл кезеңде төмендегідей базалық басымдықтар жүйесі түбегейлі айқындалды:
«1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК.
Аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, ҚазаҚстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ.
Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ МЕН ЖИНАҚТАЛҒАН ІШКІ ҚОРЛАРДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ.
Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ.
Қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге септігін тигізетіндей етіп дамыту.
7. КЕМЕЛДІ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазаќстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау».
2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясынан, 1997 жыл