ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ҚАРА АЛТЫНДЫ» ИГЕРУІ

Қазақстан тарихында мұнай аса маңызды рөл атқарады. Ғылыми сипаттама бойынша, «мұнай – бұл газ тектес және басқа да заттардың сұйық ерітіндісінен құралған көмірсутегінің күрделі қоспасы». Осы «қара алтыннан» алынатын бірнеше мыңдаған заттардың тізімі бір парақ қағазбен бітпейтіні белгілі. Бір кезде Д.И.Менделеевтің өзі «пешке мұнай жағу оған қағаз ақша жағумен бірдей» деп айтқан еді.
Қазақстан аумақтарынан сонау ерте замандарда-ақ мұнайдың табылғанын алғашқы деректер дәлелдейді. Алайда Қазақстан мұнайына тек XVII ғасырдың соңында ғана патшалық Ресейдің тарапынан ерекше назар аударыла бастады. XVIII-XIX ғасырлардың өн бойына Ресей өзінің жетекші топографтарын, геологтары мен тау-кен инженерлерін Батыс Қазақстанға жіберумен болды.
1892 жылы Батыс Қазақстан аумағында орналасқан жекелеген жер телімдеріне барлау жұмыстарын жүргізу туралы орыс кәсіпкерлерінің алғашқы өтінімдері келіп түседі. Доссор, Қарашұңғыл және Ескене жерлеріне тұңғыш өндірістік барлау жұмыстары жүргізіледі.
«Ресейлік кәсіпкер С. Леман басқарған «Ембі-Каспий серіктестігі» Қарашұңғыл кен орнында (қазіргі Атырау облысында) тереңдігі 38-ден 275 метрге дейінгі 21 ұңғы бұрғылады. 1899 жылы қарашада Қарашұңғылда, 40 метр тереңдіктегі № 7 ұңғыдан бірінші мұнай бұрқағы алынды, тәулігіне небәрі 20-25 тоннаға жуық мұнай өндірілді. Бұл оқиға қазақстандық мұнай өндіру мен мұнай өнеркәсібін дамытудың басы болып танылды.

Мұнай өнеркәсібінің жоғары әлеуетінің жеткілікті болғанына қарамастан, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұнай мен газды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларында елеулі қиындықтар мен кедергілерге тап болды. Мұнай-газ өнеркәсібі технологиясының, машиналар мен қондырғылардың,
инвестициялық капиталдың, сондай-ақ батыстың мұнай компанияларымен жұмыс тәжірибесінің қатаң жетіспеушілігін сезінді. Өйткені басты мәселе – мұнай өндірудің көлемінде емес, оны әлемдік нарықта өткізе білуде болды.
Алайда тәуелсіздік алған кезеңде біздің менеджмент әлемдік нарықта әрекет етіп, табысты бәсекелестікке түсе алатындай қазіргі заманға лайықты және озық болмады. Кеңес кезеңінде жасалған республиканың ішкі тасымалдау жүйесі егемен мемлекеттің талаптарына жауап бере алмады, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі шектеулі болды. КСРО тарағаннан кейінгі кезеңде мұнай құбырының үлкен бөлігі Ресей аумағында қалып
қойды, мұның өзі посткеңестік кеңістіктегі біртұтас мұнай-газ секторы жұмысының пайдалылығы мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етті. Кеңестік уақытта көңіл бөлінбей келген қоршаған ортаны қорғау мєселесі өте өткір сезіліп тұрды.
Елбасы Н.Әбішұлы мұнай ресурстарымызды тиімді де сапалы игеру үшін кен барлау жұмыстарында, көмір-сутегі шикізатын өндіру мен өңдеу, оны тасымалдау салаларында аса бай тєжірибесі бар дүниежүзінің ірі мұнай компанияларымен кең ынтымақтастықтың қажеттігін түсіндім. Әлі Қазақстан аяғынан тұрып үлгермеген кездің өзінде әлемдік мұнай өнеркәсібі алыптарымен келіссөздер жүргізе бастады. Бұған дейін шет елдермен келіссөз-
дер жүргізу тәжірибесі болмады. «Қазақстанның мүддесіне кесірін тигізбей ме?» деген сұрақты он ойланып, жүз толғанып шешім қабылдады. Шетелдік инвесторларды тартуға байланысты еліміздің ішінде, сондай-ақ таяу шет
елдерде қарсыластарымыз көбейді. Бізді «өз ресурстарын тиімді пайдалана алмай, шетелдік мұнай компанияларына тәуелді болған Нигерияның қайыршылық жағдайына душар етеді деп айыптады. Соған қарамастан, біз жаңа-жаңа аяғын қаз басқан жас республикамыздың әлеуметтік және экономикалық дамуы, сондай-ақ мемлекеттің стратегиялық қауіпсіздігі үшін мұнай-газ саласының маңызды екенін
ұғындық».

Осыған орай 1992 жылдың өзінде қазақстандық мұнай-газ индустриясын одан әрі дамыту жөніндегі жақсы ойластырылған перспективалық жоспарды жасауға көп күш-жігер жұмсалды. Қиындықтардың көп кездескеніне қарамастан, еліміз мұнай өндірудің деңгейін арттыруға қалай болғанда да қол жеткізді.