ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРШІЛЕРМЕН ТАТУЛЫҒЫНА ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Елбасы елдің қарқынды да тиімді дамуы стратегиялық мемлекеттік жоспарлаусыз мүмкін емес екеніне көз жеткізді. Қазақстанның жиырма жылдық тәжірибесі – ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынының айқын айғағы. Қазақстан оны 1997 жылы ТМД-да алғаш рет өзіміздің мемлекеттік тәжірибемізге айналдырды, арада он бес жыл өткен соң жоспарлау көкжиегін 2050 жылға дейін кеңейтті. 2014–2017 жылдары жаңа жаһандық ахуал жағдайында Елбасы Бес институционалды реформаны, сондай-ақ Қазақстанның үшінші жаңғыру бағдарын ұсынды. Ұлтаралық бейбітшілік пен келісім – біздің ортақ жетістігіміз және көп жағдайда елдегі қоғамдық өмір мен оның жаңа тарихының барысын анықтайтын ұлы құндылық. Азаматтық бейбітшіліктің қазақстандық үлгісінің халықаралық деңгейде мойындалуы да тегін емес. Қазір біздің елімізде 140 ұлт пен 17 конфессия өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Бәріміз бірге – біртұтас халықпыз, біздің әрқайсысымыз – оның бір-бір бөлшегіміз. Қазақстандық бірегейлік пен қазақстандық патриотизм, азаматтардың этностық сипатына қарамастан, заң алдындағы теңдігі – біздің азаматтық болымысыздың негізі. Біз қазақ халқына, оның мәдениеті мен тіліне байланысты тарихи әділетті қалпына келтірдік. Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтарға ел тағдырына байланысты ерекше жауапкершілік жүктеледі. 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – мәдениет пен ұлттардың диа логына қажетті айрықша қоғамдық алаң. Біздің еліміз жаһандық конфессияаралық диалогтың орталығына айналды: 2003 жылы Астанада тұңғыш рет шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі, содан бері жүйелі түрде өткізіліп келеді. Алғашқы күннен-ақ конструктивті сипатқа ие болған біздің сыртқы саясатымыз «көпвекторлылық қағидатына» негізделген. Көршілермен татулығының арқасында Қазақстан тарихта тұңғыш рет нақты құжаттармен рәсімделген, халықаралық қоғамдастық мойындаған шекараға ие болды.