ҚАЗАҚСТАННЫҢ «САЛЫҚ КОДЕКСІ». ІЛГЕРІ БАСҚАН ЖҮЙЕ

Салық кодексі – бұл қоғамдағы үлкен пікірталаспен дүниеге келген құжат. Ол алғашқы кезекте салық төлеушілер үшін өте қолайлы заң болып шықты. Шынын айту керек, Қазақстан Республикасының Салық кодексі барынша жетілдірілген заң ретінде ТМД шеңберінде жоғары бағасын алды. Мұнымен қатар, біздің салық органдарын жаппай автоматтандыру, салықтық әкімшіліктендіру және декларация тапсыру мен салықтық есептеменің электронды нысанына көшіру бағытында тындырған шаруаларымыз да өте жоғары деңгейді бағалануда. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының салық жүйесі ТМД кеңестігі бойынша неғұрлым ілгері басқан жүйе, ал салық заңы халықаралық дәтүрге барынша жақындастырылған заң деп сенімді түрде айтуға болады. Ал қазіргі салықтық есептеменің электронды нысаны және қосылған құн салығы бойынша, салық жүйесін автоматтандыру және кірістерді әкімшіліктендіру бойынша және басқа да көптеген іске асырылып жатқан бағыттарымызды толығымен жүзеге асырған кезде біздің елімізде маңызы қазіргі заманның талабына сай салық жүйесі қалыптасатын болады. Мұны біз мақтан ете аламыз.

Кез келген мемлекеттің экономикасының жағдайы, ғылыми-техникалық әлеуеті оның негізгі құралдарға негізделген материалдық-техникалық базасының мықтылығына байланысты. Мемелкеттің әлемдік аренада жоғары технологиялы мемлекет болып қалыптасуы, өзінің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуы және мемлекеттік қатынастың барлық деңгейінде ұлттық экономикалық мүдделерді қорғай алуы да осы базаның мықты қалыптасуына байланысты. Салық кодексіне ауылшаруышылық өнімін өндірушілерге бюджетпен салық салудың жеңілдетілген түрі қарастырылған. Бұл шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі және ауылшаруышылық өнімдерін заңды тұлғаларға арланған арнаулы салық режимі. Арнаулы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілер салықтың бірнеше түріне босатылады,бірақ олар бюджетпен жалпы белгіленген тіртіппен де есеп айырыса алады.

Шаруа қожалығымен айналысатын салық төлеушілер арнаулы салық режимін біріңғай жер салығы негізінде пайдаланады. Олар кірісінде, шығынына да қарамасытан, өзінің жер учаскесі құнына қарай 0,1 пайыздық ставка бойынша есептелетін біріңғай жер салығын төлейтін болғандықтан, оларға шығынын алдын ала ескеру міндетті емес.

Ал патентен жұмыс істейтін салық төлеушілер, яғни ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар арнаулы салық режимін пайдалану үшін салық органына өтініш жазған кезде, патент құнының да есебін толтырып өткізеді. Оны толтырғанда заңды тқлғалар өзінің өнім өндіруге және оны өңдеуге шығаратын шығынын да ескере алады. Сонда патент құнын есептеген кезде төленуге тиіс салықтың сомасы 80 пайызға кемиді.

Салық кодексіндегі 470- баптың 1-тармағына сәйкес, орманды тікелей және жанама түрде пайдалануға, яғни орманда шөп шабу, мал бағу, омарта ұстау, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттарды жинап, әзірлеу және т.б. үшін ақы төленеді. Оның төлем ставкаларын орман шаруашылығына жауапты органдардың мәліметтеруне сүйене отырып жергілікті мәслихаттар белгілейді. (473- бап 1-тармақ).

Табыс табатын әрбір азамат өз табысынан тиісті түрде жеке табыс салығын төлейді. Барлығымыз салық төлеуші болып табыламыз дейтініміз осы болар. Көбіне жалақы алған кезде осы салықты ұстап қалып жатады. Және бұл жеке табыс салығы тек қызметкерлердің жалақы табысынан ғана емес, біржолға төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін, дивидендтер, ұтыстар, сыйақылар, степендия жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстары төленгенде ұсталады. Бұлар төлем көзінен салық салынатын табыстар деп аталады.

2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы ТМД-дан тыс елдерден келетін импорттың көлемі айтарлықтай төмендеді. Соған қарамастан, 2002 жылы кедендік төлемдер мен салықтардың импорт көлеміне қатынасының серпіні 2001 жылға қарағанда 46,5 пайызға артқан. Айырмашылықты салыстырып көріңіз.

Салыстырмалы түрде Ресей Федерациясын алып қарайық. 2001 жылы онда жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың бірыңғай ставкасы 13 пайыз көлемінде белгіленді. Ал Қазақстанда жеке табыс салығы 5 пайыздың ең төмен ставкадан прогресті шкала бойынша есептеледі, яғни төлем және орташа жалақыға 13 пайыздан анағұрлым төмен салық салынады.

Сонымен, әркім салықтың өзіне түсетін салмағының қалыпты екендігін, тапқан табысының әділетті түрде бөлінетіндігін және төлеген салығы мемлекеттің, халықтың игілігіне жұмсалып жатқандығын сезінуі қажет.