ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Елімізбен гуманитарлық байланыстар орнатты.

Іскерлік серіктестікпен қатар, мемлекет аралық гуманитарлық ынтымақтастықтың үлкен маңызы бар. Ол адамзат қарым-қатынасының саласын: денсаулық сақтауды, білім беруді, мәдениетті, қоршаған ортаны бірлесіп қорғау шараларын камтиды.

Қазақстанды дәрігерлер мен ғалым-медиктердің ынтымақтасу географиясы өте ауқымды. Олар Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының жұмысына қатысып, халыкқа медициналық тексеруді бірлесіп жүргізеді, қауіпті ауруларды емдеу тәсілдерін қарастырады, ядролық сынақтан зардап шеккен адамдар денсаулығын қалпына келтірумен айналысады. Әсіресе, АҚШ, Еуропа елдері жөне Ресей денсаулық сақтау қызметкерлерімен тығыз байланыс орнаған.

Мәдени қарым-қатынас халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты қамтамасыз етеді. Сондықтан, оған кеп көңіл бөлінеді. Театр қызметкерлері кездесулер өткізіп тұрады. Ондай көптеген шаралар Ресейдін. Қазақстандағы жөне Қазақстанның Ресейдегі жылдары аясында жүргізіледі. 2004 ж. жарты ғасырлық үзілістен кейін, алғаш рет біздің елімізде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының күндері өткізілді. Еліміздің шекаралас аудандары мен біздің көршілеріміз арасында да әр түрлі мәдени байланыстар қалыптасқан.

Білім беру саласында 40-тай жақын және алыс шет елдер Қазақстанның серіктестері болып табылады. Шет елдік студенттер біздің жоғары оку орындарымызда білім алуда. Өз кезегінде 20 мыңнан астам жас қазақстандықтар әлемнің 35 елінде оқып жатыр. Бұған халықаралық білім беру алмасулары, шет елдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тағайындайтын стипендиялары үлкен ықпалын тигізеді. Жылына 3000-нан астам қазақстандықтар Қазақстан Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының арқасында шет елдік басты университеттерде білім алуда. Білім «дамытудағы» саланын еліміздегі негізғі серіктестері: Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, сонымен қатар, ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның Балалар коры (ЮНИСЕФ).

Қоршаған ортаны қорғау мәселесінде Орталық Азияның көршілес елдерімен (Арал бойы), Ресеймен (Каспий теңізінің табиғи кешендерін сақтау), Қытаймен бірігіп жұмыс істеудің маңызы зор. Біздің еліміздегі 20-дан астам жоба БҰҰ-ның ықпал етуімен жүзеге асырылуда. Оларға Аралды қорғау мен қалдықтарды залалсыздандырудан бастап халықаралық биосфералық аумақтарды ұйымдастыру мен жекелеген жануарлар түрлерін сақтап қалуға дейінгі шаралар кіреді.