ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында  «Қазақстанның үздік студенті-2020» атты Халықаралық байқауы өтті. Байқау нәтижесінде Silkway Халықаралық университетінің студенттері жеңімпаз болып табылды. Мұндай жетістіктің артында Шымкент қаласының «Ең үздік студенттік өзін-өзі басқару» ұйымы атанған «Жалынды жастар» клубының мүшелері Есентай Индира, Қуандық Ақнұр, Жорабек Сұлтан, Құралбек Арман, Оразбай Наурызбай, Сәрсенбек Мадина және Студенттік ректор Тасхожа Ділбардың еңбегі зор.

Байқау жеңімпаздары «БІЛІМ – ӨРКЕНИЕТІ» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйғаруымен «Қазақстанның Үздік студенттері» академиясының мүшесі атанды, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «БІЛІМ – ӨРКЕНИЕТІ» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының арнайы төсбелгісімен марапатталды. Жеңімпаздардың жеткен жетістіктері жинақталып, орталық тарапынан арнайы кітап жинағы жасалды.