ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ
Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасын ұсына отырып, «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен еді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінен шыққан, елдің дамуына һал-қадірінше еңбек етіп жүрген азаматтар. Бірі байрақты бәсекеде топ жарса, тағы бірі әнімізді әлемге танытқан күміскөмей, домбырамен өткенді бүгінмен жалғаған күйші, ыстық пен суыққа төзген еңбек адамы, озат ұстаз, мықты дәрігер дейсіз бе, бәрі осында?!
Бір ғана шарт- елім деп еміренген жүрек, сол елдің бір кетігіне кірпіш болуға жарасам деген игі тілек, сол тілек жолында терді тамшылатып тұрып еткен еңбек керек.
Сайдың тасындай озықтарды іріктеп, елге таныстыру арқылы өскелең ұрпаққа қаншама тәлім берілуде. «Болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, жақсыға еліктеп, жақсыны көріп өссе қанекей?!
100 жаңа есім жобасына енген әрбір адамның өмірі мен еңбек жолын кеңінен насиxаттау қажет. Себебі олар өз ісінің xас шебері атанды, бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, биік белестерді бағындыра білді.
Нұрила Шынәділова