“Қазсушар” РМК Түркістан филиалы теңгерімінде жалпы ұзындығы 125 шақырымнан асатын 13 канал реконструкциядан өтуде
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 125,4 шақырым болатын қолданыстағы 13 каналды қалпына келтіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда каналдың 42 шақырымы толық бетондалды.
Кешенді қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты — Түлкібас ауданындағы қолданыстағы және жаңадан игерілетін 8600 гектарға жуық егіс алқабын суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.
Мердігер мекеме реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.
Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін каналға темірбетон плиталарын төселетін болады. Бұл канал салу және реконструкциялау тәжірибесіндегі тиімді тәсіл болып табылады.
Қазсушар Түркістан Филиалы