“Қазсушар” РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі К-18 каналы механикалық тазалаудан өтті
Мақтаарал өндірістік бөлімшесі аумағындағы ішкі шаруашылықаралық К-18 каналының жалпы ұзындығы 190 шақырым, бүгінде 44 шақырым жеріне механикалық тазарту жүргізілді.
Жыл басынан бері, Мақтаарал ауданы аумағында 130 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазартылған.
Бұған дейін “Қазсушар”РМК Түркістан филиалы директоры Қазыбек Бедебаев аудан аумағындағы каналдары мен арықтардың жай-күйімен танысып, кешенді тазалаудан өткізу бойынша жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеген болатын.
Соған сәйкес, қазіргі таңда бір қатар каналдарда механикалық тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қазсушар Түркістан Филиалы