ҚАЗЫҒҰРТТА «КЕЛДІБЕК АТА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында “Келдібек ата” кесенесінде аудан тұрғындарымен бірге сенбілікке қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхамедғали Әшірбаев, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, ауданның ерікті жастары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары белсене атсалысты.
Ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында арнайы ауданға арнайы келген БАҚ өкілдері мен өлкетанушыларға аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді. Сенбілік жұмыстарына 170 адам, 5 арнайы техника жұмылдырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі