ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР 10 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілік кәсіпкер аудандық орталық ауруханаға 10 дана оттегі концентратын тарту етті. Індетке шалдығып, өздігінен демала алмайтындарға бұл үлкен көмек болмақ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде Үкімет мүшелерімен, орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде өткізілген кеңесте: «Пандемия кезінде отандық дәрігерлердің тиісті тәжірибе жинағанын, бұл дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйренді. Қазіргі міндет – көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау» — деп айтып өткен болатын.
Бұл тұрғыда өңірдегі дәрігерлер де пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын пысықтап отыр. Аудандық ауруханалар қажетті аппараттар мен дәрі-дәрмек қорын жеткілікті деңгейде сақтауда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі