КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫ

Қазақ халқының маңдайына біткен бақыт, тағдырына жазылған теңдессіз сый ол – Елбасы. Ұлт Көшбасшысы – Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, сындарлы сәттерде сарабдал, салмақты саясатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері.

Қазақ елінің бастамалары мен ұстанымдарын жер бетіндегі барлық мемлекеттер мойындап, қуаттап, қолдау үстінде. Мұның бәрі – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының жемісі.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес дамып, жетіліп келеді және оның отандық үлгісі қалыптасуда десек, мұнда Елбасы Н.Назарбаевтың инновациялық ой-тұжырымдары мен тікелей қамқорлығының маңызы зор болғанын атап өтуіміз қажет.

Қазіргі кезде адам ресурсы жоғары дамыған мемлекеттердің инновациялық дамуы соған негізделген. Сол себепті әлемдік білім кеңістігі парадигмасында, соның ішінде жоғары және одан кейінгі білім беру жүйесінде идеялардың бәсекелестігі барған сайын күшейе түскені анық.

Тәуелсіздік жылдарындағы отандық білім беруде жинақталған тәжірибені талдап, саралап қарасақ, еліміздің білім беру жүйесі әлемдік стандартқа біршама жақындап қалғанына нақты деректер көз жеткізеді. Осы үдерістің бүгінгі күнге дейінгі нәтижелі атқарылып келуіне, әлбетте ҚР Тұңғыш Президентінің әр жылдардағы еңбектеріндегі, әсіресе оның Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларындағы еліміздің білім жүйесінің сапасын арттыруға, еліміздің стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттілігін туындататын инновациялық ой-пікірлері мен мемлекеттік стратегиялық бағдарламалары негізгі ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар болып, еліміздің білім беру саясаты мен оның жүйесін қалыптастыруға мол мүмкіншілік бергенін байқау қиын емес.

Сондай-ақ Елбасымыздың бастамасымен шетелдік беделді оқу орындарымен бәсекелесе алатын «Назарбаев университеті» және елімізде «Назарбаев зияткерлік мектептері» жүйесі мен жүздеген жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.

Елбасының инновациялық ой-пікірлері мен қағида-ұстанымдары басшылыққа алынып, еліміздің білім беру жүйесін жаңаша құрып, жаңа бағытта дамытып, жетілдіруде жасалған алғашқы қадамдар, өзгерістер мен жаңалықтар, білім беруге қатысты реформалар, жаңа технологияларды енгізудің нәтижелері бүгін өз жемісін беруде. Сөйтіп, осы инновациялар қазақстандық қауымның тәуелсіз даму кезеңінің тарихи шындығына айналуда. Сондықтан да қазіргі Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ену үдерісін зерделеуде білім жүйесіне енгізілген заманауи өзгерістер мен жаңаша бетбұрыстардың маңыздылығын ескермеу-
ге болмайды. Олар Қазақстанның жаңа заманға барынша бейімделіп, өз саясаты мен өз экономикасын түзеп, сөз бостандығы мен ой еркіндігіне негізделген демократияны жетілдіріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда жасалған маңызды қадам, іргелі іс-шаралардың бірі болып қала беретіні даусыз.

Ақшагүл Бердалиева,

Шардара аудандық білім

бөлімінің басшысы.