КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ – ТАСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаевтың халықпен кезекті кездесуі Тасарық ауылдық округінде жалғасын тапты. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өтіп жатқан кездесулерде әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғамның, әсіресе өңірлердегі диалогын орнатуға негізделген кері байланыстың маңызды бағыты екеніне көз жеткіздік. Жаңа өзгерістерге сәйкес, әкімдер кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдап, жиын барысында көтерілген проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыру үшін мәслихат сессиясына ұсынылуда.
Кездесу барысында Сержан Дауылбайұлы аудан әкімінің 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында өткен кездесуінде округ халқы көтерген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар мен жыл көлемінде қолға алынған және жүзеге асатын жобалармен таныстырды. Тасарық ауылдық округінде әкімі аппараты ғимаратын ағымдағы жөндеуден өтті. Ханарық және Тасарық елді мекендерінің жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарастырылды. Жобалау жұмыстары 2025 жылға ауыспалы. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Ханарық елді мекеніндегі Рахимов, Мауели көшелерін, Оңтүстік елді мекеніндегі Ақмола көшесін орташа жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады. Жамбыл елді мекені, Итемір әулие, Беласар, Алатау, Асар көшелеріне, Тасарық елді мекені М.Әуезов және Т.Тоғысбаев көшелеріне, Ханарық елді мекені А.Навой, Мәуелі, С. Рахимов көшелеріне трансформатор орнатылып, электр желілері жүргізілді.
Төңкеріс магистралды су құбыры желісін ағымдағы жөндеуге Оңтүстік, Ханарық, Жамбыл, Тасарық (Ұңғыма қазу) қаржы қарастырылып, мердігер анықталды. Нысан 2025 жылға өтпелі. Ханарық елді мекеніндегі ұңғыманы ағымдағы жөндеуге қаржы қаралып, Таш оң жақты каналының 5 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Сайрам су өзенінен бастау алатын Таш каналының 300 метр жеріне бетондау жұмыстары жүргілді.
Кездесу барысында халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі