КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУПІ СЕЙІЛГЕН ЖОҚ

Үкімет отырысында коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегені, барынша сақтық шараларын сақтау жайы айтылды.

Елімізде жалпы 170 098 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласында 5733 COVID-19 вирусын жұқтыру жағдайы тіркелген. 5347 адам емделіп шыққан, 305-і емделу үстінде, өкінішке орай 81-і қайтыс болған.

Өткен тәулікте вирус жұқтырған 7 азамат анықталып (симптомды- 4, симптомсыз-3), өсім 0,2% құрап отыр.

Қаладағы инфекциялық стационарларда 1060 төсек-орын бар. Оның бүгінде 846-сы бос (80 пайыз).

Бүгінгі таңда медициналық мекемелерде 615 ӨЖЖ аппараты, 21 КТ, 30 рентген аппараты бар. 174 оттегі концентраторы, демеушілік көмекпен қосымша 98 оттегі концентратер жеткізілді. Бүгінде қажеттілік жоқ.

Сондай – ақ, «А», «В», «С» жоспары бойынша реанимациялық төсектерді жабдықтау үшін қосымша 314 функционалдық кереует, 381 дозатор, 266 реанимациялық монитор және 381 медициналық сорғы сатып алынған.

Сонымен қатар, 2 айлық дәрі-дәрмек қоры дайындалды. Дәріханалардағы бөлшек сауда бағаларының, дәрі-дәрмектер қорының сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Десек те, шымкенттік дәрігерлер инфекция таралуын болдырмау мақсатында қарапайым сақтық шараларын сақтауға шақырады.

— әлеуметтік ара қашықтық сақтаңыз
— маска киіңіз
— бөлмелерді жиі желдетіңіз
— адам көп жиналатын жерлерге бармаңыз
— қолыңызды сабынмен жуыңыз және жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды -шынтақпен немесе майлықпен жабыңыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі