КӨШБАСШЫ АРМАНЫ
Үшіншіден, ұзақ уақытқа созылатын және аса шапшаң жүретін үрдіс барысында Кавказ бен Поволжье және Уралда орыс этносы күрт азаюына қарамастан, негізгі күрес Сібір мен Қиыр Шығыста жүретін болады. Өйткені әлемдік державалардың стратегиялық мүдделері осы арада түйіседі. 2040-2050 жылдарға қарай Ресейдің ыдырап, құлдырауы орын ала бастағанда Сібір мен Қиыр Шығысқа иелік етуге мүдделі болатын бірінші мемлекет, ол – Қытай.
Германия басшысы Меркель ханымның Қытай елінің көшбасшысы Си Цзиньпинга 1735 жылғы картаны сыйлауы да тегін емес. Ол картада Сібірдің басым бөлігі және Қиыр Шығыс тұтасымен Қытай империясының жері екені көрсетілген. Сондай-ақ 2040-2050 жылдары Ресейдің өз ішінде қатты талас — тартыс орын алатынын ескерген жөн.
Қытайдың Ресейді жаулауына кедергі болатын АҚШ қана қалады. АҚШ үшін шексіз байлығы бар осы жерге Қытайдың иелік етуі әлемге билік етудің тізгінінен айырылумен бірдей болмақ. Ал мұның соңы не нәрсеге апарып соғатыны белгілі. АҚШ Ресейдің ыдырамауына мүдделі.
Ресейдің ыдырауы Қытайдың күш алуына соқтырады. Бұл кезде АҚШ үшін ең қауіптісі НАТО-ның еуроатлантикалық блогы бағдарынан айырылады және Еуропа АҚШ-тың бақылауынан шығып кетеді. Ресей әскери күші аса мығым, қуатты держава ретінде бүгінгі жаһандық геосаяси архитектураны сақтап қалуға кепіл бола алады. Ал қазіргі жаһандық саясатта АҚШ сөзсіз жетекші рөл атқаратыны айтпаса да түсінікті. Десе де барлық фундаментальды болжамдар Ресейдің ыдырауын жоққа шығармайды. Бірақ, олардың айтуы бойынша, Ресей мен АҚШ бұл ыдырауды барынша тежеуге күш салады, ыдырау кезеңін барынша кейін шегеріп бағады.
Төртіншіден, егер Қазақстан Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістіктен ашық түрде бастартар болса, Ресей Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймақтарында саяси ойын жүргізуге пейілді. Себебі аталған экономикалық бірлесулер Ресей үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды. Ал Қазақстанның аталмыш аймақтарында этникалық қазақтардың саны әлі 50%-ға да жеткен жоқ. Қазақстан сондай-ақ өзінің стратегиялық тұрғысынан Каспий акваториясы бойынша да Ресейден ауыр соққы алуы ғажап емес. Нақтырақ айтқанда, Қазақстанға Каспийдегі мүддесін ұзақ уақытқа ұмытуына тура келеді. Ресей Қазақстан жерінің белгілі бір бөлігін бөліп алғысы келсе, АҚШ, Еуроодақ және ҚХР бұған тек өздерінің мүддесі тұрғысынан ғана қарайды, яғни олар жаңа тарих көрсетіп отырғандай, Ресейге кедергі болу үшін нақты қадамдарға бармайды. Тек жалаң ұрандар тастап, әйтеуір көз алдау үшін экономикалық санкциялар жариялаған болады. Бар «көмегі» сол ғана болмақ. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда әлемдік державалардың экономикалық мүдделері түйіседі. Ирак пен Ливия жағдайында мұндағы мұнай-газ жобаларына Ресей мен Қытайдың көз салғаны белгілі. Беті аулақ, егер Қазақстан оккупация жағдайында қалар болса, олар республиканың қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына кепіл бола алмай, дәл осы себептен, Қазақстан Украина сияқты, егер белгісіз қауіп белгіліге айналса, тек өз күшіне ғана сенуге тиіс.
Бесіншіден, 2014 жылдан бері, Әлемдік банктің бағалау болжамы бойынша, Қытай экономикасының сатып алушылық қабілеті өзінің көлемі жағынан АҚШ-пен теңесуде. Болжам бойынша, 2020 жылы АҚШ пен Қытай ішкі өнім айналысы бойынша теңесетін болады (санаулы-ақ жылдардан соң).
Ал 2050 жылы Қытай АҚШ-ты әскери қуаттылығы жағынан басып озады. Ұзақ мерзімге арналған тренд бойынша, Қытайдың қуаты артып, Ресейдің әлсіреуі нәтижесінде 2050 немесе әрі кеткенде 2070 жылы Сібірді және Қиыр Шығысты өзіне қосып алады. Қосып алмаған күнде, аталған аймақтарды экономикалық жағынан өзіне тәуелді етеді.
Қытай ядролық держава ретінде Ресеймен ашық әскери қақтығысқа бармайды. Қытай сепаратистік күштерді орталықтандыру арқылы Ресейді ыдыратуға алып келеді. Ресейдегі ұлттық қалыптасу терри торияларындағы әскери қақтығыстарды арттыру, сөйтіп, Ресейді ыдырату үшін арандату және қаржыландыру ісі тек Қытай тарапынан ғана емес, Еуропа мен Таяу Шығыс тарапынан да қолдау табады.
Ресейдің өз ішінде әскери қақтығыстарды өршіткен соң, Қытай өз мақсатына жету үшін соғыс әрекетіне баруы да әбден ықтимал.
Өткен ғасырдың 60-80 — жылдарындағы көптеген әскери қақтығыстар бұған мысал бола алады. Бұл әскери қақтығыстардың отын жаққан да, өршіткен де Қытай болатын. Мұнан әрі талдау жасар болсақ, жаңа тарихтағы АҚШ және Еуропаның Ирак пен Ауғанстанға, Ливияға жасаған интервенциясы, африкалық республикалардағы басқыншылықтар мен Ресейдің Абхазияны, Грузиядан – Солтүстік Осетияны, Украинадан Қырымды бөліп әкетуі – алдағы болашақтағы Сібір мен Қиыр Шығыс үшін соғыстың орын аларына алғышарт сияқты. Ал оның болмауына ешкім кепілдік бере алмайды.
Алтыншыдан, Қазақстан үшін демографиялық жаңа дүмпу Орталық Азияда да пісіп-жетіліп келеді. Өзбекстан мен Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстанды қосқанда, халық саны қазіргі 50 милионнан 2030 жылы – 60 миллионға, 2050 жылы 72 миллионға жетеді. Орталық Азия елдеріндегі аса төмен әлеуметтік — экономикалық ахуал, кедейшілік, су тапшылығы, тұрғындардың жаппай кедейленуі, Қазақстанның Ауғанстанға таяу орналасуы – сыртқы күштердің ел ішінде діни фундаментализм мен экстремизмнің кешенді құрылымын жасауға таптырмас негіз болады.
Ең соңында, бүгінгі қоғамның даму заңдылықтары Қазақстандағы адам өсімінің деңгейі таяу арадағы 10-15 жыл ішінде Еуропа елдерімен деңгейлесетінін көрсетеді. Соңғы жеті жылдағы көрсеткіш — 2,3%-ын құрайды. 2012 жылы қазақтардың өсу коэффициенті 2,58% болды. Бұл орыс халқының өсуінен 1,29% көп болатын. Қазақтардың өмірге сәбилерді көптеп әкелуінен соңғы бес жылда республикада адам саны жыл сайын 230 мың адамға өсіп отыр. Бұл көрсеткішті өсіруге ынталануымыз қажет-ақ.
Өте шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісіне қатысты өзге ұлттар сияқты қазақтардың да табиғи өсу динамикасы саябырлайтын болады. Бүгінгі адам санының өсу динамикасын ескергенде, республикада халық саны 2030 жылы шамамен 21-22 миллионға жетеді. Мұнан әрі табиғи өсу деңгейі төмендей келе, 2050 жылы халық саны 26-28 миллион адам болмақ.
Қорыта келгенде, 2050 жылы Қазақстан халық санының азаюымен қатарласа, әлеуметтік және саяси жағдайы тұрақсыз, бірақ халқының саны күрт өсіп кеткен Орталық Азия мемлекеттерінің қыс пағында қалады. Үшінші жағынан Ресейдегі ұлттық қалыптасулар аймағындағы сепаратистік ағымдар дың да қыспағында қалады. Бұл кезде әлемдік деңгейдегі гегемон болып үлгерген Қытай да Сібірге тұяқ іліндіріп қалады. Барлық талдаулар мен зерттеулер – бұл айтылғандардың 80-90%-ы орындалады деген сенімде.
Жоғарыда келтірілген талдаулар негізінде Қазақстан алдындағы бір мақсатты тапсырма анық. Ол – Қытай мен АҚШ, Біріккен Еуропа (мүмкін Жапония да…) арасында ыдырай бастаған Ресей территориясын бақылауға алу үшін талас-тартыс, текетірес қызған шаққа дейін, Қазақстан Республикасы халқының санын арттыру! Бұл стратегиялық тапсырманы орындау үшін Қазақстан халқының саны 2050 жылы кем дегенде 45-50 миллион адамға жетуі тиіс! Осы кезде ғана, елдің егемендігін ғана қорғап қалмаймыз, қазіргі кезде Қазақстан жүргізіп отырған Назарбаевтың алыс-жақынды болжай алатын саясаты арқылы Қазақстанды ең ықпалды әрі қуатты мемлекетке айналдыруға болады!
2025-2030 жылдарға қарай Қазақстан үшін ең бір үлкен қиындық су ресурсының тапшылығы болмақ. Бұл қиындық оның экономикалық дамуына кедергі болады. Және мемлекет пен адамдар өмірінің барлық саласына жағымсыз әсер етері хақ. Дәл осы су мәселесіне қатысты, Қазақстан көрші жатқан елдерге біршама тәуелді болуы қаупі бар. Өйткені Қазақстанға келетін көп өзеннің бастауы көрші елдердің аумағында жатыр. Тұтас алғанда, осының өзі-ақ астамшыл державалар үшін Қазақстанның тәуелсіздігін тұқырту үшін қыл арқан бола алады. Демек, бұл мәселе түбегейлі шешуді қажет етеді. Бірақ Қазақстанның бүгінгі территориялық шекаралық жағдайында мұндай шешімге қол жеткізу мүмкін емес. Сингапурдың ішер суын да сырттан әкеліп отырғаны біздегі халық санымен салыстырғанда баланың ойыны іспеттес. Сингапур бар болғаны – қала-мемлекет, біз кең — байтақты далалық мемлекетпіз. Ал шаруашылық, егістік алқап, диқангершілік біздерде өрістемесе, кемімек емес.
Фундаментальды әрі ұлттық қиын мәселенің шешімі 2040-2050 жылдарға қарай бағыт алған Еуразиялық кеңістіктегі қайта құру жағдайында ғана табылады. Бұл кезде Қазақстан шекарасы екі негізгі тарихи географиялық бағытта кеңеюі тиіс.
Дәл қазіргі Қазақстан үшін ең басты мәселенің бірі ұлт қауіпсіздігіне жол бермей, су ресурсы тапшылығын жоюға көмектесудің негізін жасау болмақ. Бір кезде, дәлірек айтқанда, ХІХ ғасырда Теодор Герцель еврейлердің Палестинаны жаулап алу концепциясын жасағаны сияқты Қазақстан да бүгін қай жақтан қауіп төнерін анық сезініп, су мәселесіне қатысты қай бағытта жұмыс істеу керектігін айқындауы қажет. Су ресурсы шешілгенде ғана, Қазақстан, мейлі унитарлық, мейлі федерациялық жағдайда өзінің көне де тарихи аймағын қайтара алады.
Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – бабалар аманатқа қалдырған ұланғайыр аймақ ол. Қазақ халқы Ұлт көш басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сібір өзендерін Орталық Азияға бұру туралы арманының маңыздылығына көп ұзамай көз жеткізеді.
Соңы. «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабынан.