«ҚЫРЫҚ ЕРТЕГІ – ҚЫРЫҚ КЕЙІПКЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ БІР ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСПАҚ

«Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының» 40 жылдық мерейтойына арналған  және 27-наурыз халықаралық театр күніне орай «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» тақырыбындағы оқушылар арасындағы сурет байқауы республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ.

Байқау «2022 жыл — Балалар жылына» орай талантты жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, дарынды жастарды анықтау және балалардың шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Шара барысында театр қорындағы 40 қуыршақ шеруге қатысады, Түркістан облысына қарасты қылқалам шеберлері мен Қызылорда, Жамбыл облыстарының қатысушылары да өз өнерлерін көрсетеді деп күтілуде. Барша көрермендер де өз көңілінде жүрген, көкейіндегі кейіпкерлерін алдын ала дайындалған орында бейнелеуге мүмкіндік алады.

      Байқаудың ашылу рәсімі 27-28 наурыз күні сағат 14:00-де Шымкент қаласы, «Арбат» алаңында салтанатты түрде өтеді. Бір жыл бойы жалғасып, 2023 жылдың 27 наурыз күні қорытындыланады.

     Байқауға қатысу үшін «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» деген тақырыпқа сай салынған суреттердің фотоларын shymkentkuyrshak@mail.ru электронды адреске жолдау қажет. Байқауға Қазақстан Республикасындағы орта білім беретін барлық мектептердің оқушылары қатыса алады.

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер

театрының баспасөз қызметі.