Home›Жаңалықтар›ҚЫСТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
ҚЫСТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
07.12.2021, 15:55
Қылышын сүйреткен қыс мезгілі суық болғандықтан көп уақытымыз үйде өтеді. Бірақ бұл қысты қызықсыз деуге себеп емес. Үш ай уақыт өзіңізге жаңа хобби тауып, тіпті бір мамандық игеріп алуыңызға жеткілікті. Ендеше сізге осы маусымды ерекше өткізуге арналған бірнеше идея ұсынамыз.
Қыстың басты символы — Жаңа жыл мерекесі. Ол үшін мерекенің келуін күтудің қажеті жоқ. Осы бастан балаларыңызбен бірге үй ішін безендіріп, шырша сәндесеңіздер отбасылық көңіл-күй тамаша, шығармашылық ізденіс артатыны сөзсіз.
4. Бос уақытымызда телефонға үңілмей, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ секілді ақыл-ой ойындарына көңіл бөлгеніміз әлдеқайда артық.