ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫ ҚАЛАЙ МОЙЫНДАЛДЫ

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрылған жаңа тәуелсіз мемлекеттер әкімшілік шекаралармен бөлінді, алайда халықаралық құқық тұрғысынан бұрынғы КСРО-ның сыртқы шекарасы ғана бар еді. Ондай жағдай тұрақсыз еді, өйткені ол өзара аумақтық жанжалдарға негіз қалайтын

Қазақстан ұстанған берік ұстаным іске ұласты: 1991 жылы 8 желтоқсанда біз қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімде, сондай-ақ сол жылдың 21 желтоқсанындағы Алматы декларациясында сол кездегі шекаралар бөлінбейді және оған ешкім қол сұқпайды деп мәлімделді. Республикалардың әкімшілік шекаралары мемлекеттік шекара деп мойындалды. Дегенмен ол үшін халықаралық нормаларға сай екіжақты келісімдер жасалуы керек еді. Мұндай міндеттерді шешу ұзақ уақыт пен үлкен еңбек талап ететіні бірден белгілі болды. Дегенмен бастапқы кезде ешкім де бұл жұмыс үшін бақандай он үш жыл керегін болжай алмаған.

Даулы учаскелер көлемі 844 шақырымдық Қытаймен арадағы мемлекеттік шекара мәселесін шешудің күрделілігі одан бір де кем болған жоқ. Қазақстанға КСРО-дан бірнеше даулы шекара аймағы мұраға қалды – соған сәйкес, екі жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстан мен Ресейдің бірлескен делегацияларының қатысуымен келіссөздер жүргізілді. 1994 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара түбегейлі белгіленді.

1995 жылдың 15 қыркүйегінде, ратификациялық грамоталар алмасқаннан кейін, Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Келісім күшіне енді. ҚХР-мен мұндай келісімге тіпті КСРО-ның өзі де қол жеткізе алмаған. Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш рет Қытаймен арада мойындалған, бекітілген мемлекеттік шекара – бейбітшілік пен әріптестік шекарасы пайда болды.