ЛАТЫН ӘЛІПБИІ — ЖАҺАНДЫҚ БІЛІММЕН БІРІГУ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы болашақта біртұтас ұлт болу мен бұқаралық сананы өзгертудің кепілі болды.
Аталмыш мақалада қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптары бойынша даярлап, «Мәңгілік ел» болудың шарттары көрсетілді. Ұлттық сананы жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті сақтау жолдары айқындалып, ауқымды міндеттер жүктелді. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілді білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып, ел жаңғыруының басты міндеттері – «Латын қарпіне көшу», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» пен «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер» бағдарламалары қабылданып, бүгінгі таңда олар орнымен жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жастарға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, әлемдік бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жол ашатыны анық. Сондықтан тәyeлciз ел болып, рухани жаңғыруда әлiпбидi ayыcтыpy – Мәңгiлiк eл бoлyдың нeгiзгi aлғышapты болмақ.
Көрнекті тіл маманы, профессор Қ.Жұбанов кезінде әліпбидің «бұқарашыл» болуын ескерткен. Жалпы, әліпби қарапайым халықтың тез меңгеруіне, тіл үйренушілерге, соның ішінде баланың жас ерекшелігіне қарай жасалған жөн. Осы орайда әліпбиді түзуге педагог мамандардың қатыстырылуын ескерген дұрыс.
Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам.