М. ӘЙТЕНОВ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға барып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты. Заман талабына сай оқырмандарға қызмет көрсету ісінің озық жетістіктерін көріп шыққан қала басшысы кітапхана қызметкерлерімен тілдесті.

Рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды қоры бар. Ал, оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны 128 000, кітап берілімі 216 000. Мұнда 96 қызметкер еңбек етеді.

Кітапхана қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы және кітап.kz қорын толықтыруға белсене атсалысуда. Цифрлық заманда кітапхана мобильді, смартжоба – QR — кітапхананы жүзеге асырды. Бүгінде 60-қа жуық жергілікті авторлардың көркем шығармаларын оқырмандар кітапхана сайтындағы штрих – код арқылы оқи алады.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу» Libclub «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді.

Кітапхана қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі