М.ӘЙТЕНОВ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше нәзік жандыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды.
Алдымен қала әкімі зиялы қауым өкілі — «Восход» фабрикасының директоры Гулужиган Байгаринаның шаңырағында болды. Қаланың өркендеуіне, экономикалық өсіміне елеулі үлес қосқан кәсіпкерге өзінің алғысын білдірді. Қаншама жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан фабрика — қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі екенін айтып, ақ жарма тілегін жеткізді.
Шаһар басшысы бүгінгі құттықтауында қала зиялыларының бірі — Сайлаукүл Барахованы да естен шығармады. Экс-сенатор, облыс әкімінің орынбасары болған, ұстаз, аяулы ана Сайлаукүл Жаппарқызы қазіргі таңда құрметті зейнеттік демалысында. Үйдегі 100 жастағы қарт анасы Зара Ибрагимоваға да қала әкімі арнайы сыйын ұсынып құрмет көрсетті.
- Сіздер салған жолмен қаншама қыз-келіншек өз кәсіптерін бастап, мамандықтарының биік шыңында жүр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер бақытқа лайықты. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын — деді М.Әйтенов.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі