М. ӘЙТЕНОВ «САМАЛ-3» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағын ауданының 27 мыңнан астам тұрғыны биыл орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде айтты.

Шағын аудан тұрғындары әкіммен болған ашық сұқбатта интернет, жол мәселесі мен аялдама орнату бойынша өтініштерін жеткізді. Халықтың сұрағына нақты жауап берген қала басшысы өткен жылы үш көше жөнделсе, осы жылы 7 көшеге асфальт төселетінін ал, кәріз жүйелері жүргізіліп жатқан көшелерде құрылыс жұмыстары аяқталған соң, алдағы жылдары асфальттау жұмыстары атқарылатынын атап өтті. Сонымен бірге шағын ауданды сапалы интернетпен қамту үшін жыл соңына дейін талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті. Ал аялдама орнату бойынша салалық басқармаға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мұрат Әйтенов осы жылы бюджет есебінен 3 спорт алаңша мен 1 балалар алаңшасы салынатын айтып, бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін жасалып келетінін айтып өтті.

Жалпы шағын ауданда 6800 отбасы тұрады. Елді мекен тұрғындары толығымен ауыз сумен, табиғи газбен және сапалы электр жарығымен қамтылған. Мұндағы коммуналдық мәселе кәріз жүйесімен қамту, олда биыл шешімін табады. Өткен жылы 6 көше жарықтандырылса, биыл 1 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. 7 бағытта қоғамдық көлік қатынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі