МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 32,7 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Мақтаарал ауданында 2020 жылдың 10 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32,7 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 23,9 миллиард теңге, мал шаруашылығы 8,7 миллиард теңге, ауыл шаруашылық қызметі 114,9 миллион теңгені құрады.
2020 жылы мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 38,2 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша бүгінгі таңда 86,7 мың тонна ақ алтын жиналды. Диқандарымыз мақтаны жинау жұмыстарын әлі де жалғастыруда, әзірше орташа өнімділік 25 центнер.
Сонымен қатар, мақталы өлкеде 46,3 мың тонна көкөніс, 304,1 мың тонна бақша өнімдері өндіріліп, шет мемлекеттерге 80 пайызына жуығы экспортталды. Одан бөлек, 11,8 мың тонна күріш жиналса, басқада түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары өндірілді.
Ауданда ауыл шаруашылығы техникалары жыл сайын жаңарып келеді. 2020 жылы 98 техниканы жаңадан сатып алу көзделсе, есепті кезеңде 102 техника алынып, жоспар артығымен орындалып отыр. Сондай-ақ, жылыжайлардың көлемін 10 гектарға көбейту жоспарланған еді, 10 айдың ішінде жоспар толықтай іске асты.
Сол сияқты тамшылатып суғару әдісін 250 гектарға көбейту жоспарланған еді, есепті кезең ішінде түрлі дақылдарға жаңа технологияларды ендірудің нәтижесінде 174 гектар жерге ендірілді.
Айта кетейік, 2020 жылы 32 бірлік мал бордақылау алаңдары, 8 шағын жанұялық сүт аулалары құрылып, ағымдағы жылдың 10 айында тапсырмалар толығымен орындалды.