Мамандандырылған ХҚКО уақытша жұмыс істемейді

Бүгін, яғни 26 мамырда, Түркістан облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, — деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы.

«ҚР ІІМ ӘПК базаларындағы ақауға байланысты мамандандырылған ХҚО-да автоқызметтер көрсетілмейді. ХҚКО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады», – делінген ресми хабарламада.