Мәскеуде алматылық әйел сәбиін 20 мың долларға сатқан
Ресейде Қазақстан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол өз баласын 20 мың долларға сатқан деп күдіктеніп отыр. Бұл туралы Ресейдің Мәскеу бойынша Тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы әйел 2017 жылдың желтоқсанында әлеуметтік желі арқылы 2017 жылғы сәбиіне асырап алатын ата-ана іздеп жүргенін жариялаған. Өз сәбиін әйел 20 мың долларға бағалаған.
«2018 жылы 5 сәуірде әйел сәбиін сату үшін Мәскеуге келді. Сәбиді сатып алушылар рөлін жедел қызмет өкілдері атқарған. Әйел баладан бас тартатынын жазып, ақша алу үшін мәскеулік банкке аттанады. Сол жерде тәртіп сақшыларының қолына түседі», — делінген Ресей Тергеу комитетінің хабарламасында.
Сәби қазір туыстарынан жырақта балалар үйінде жатыр. Баланың әкесін әрі туыстарын анықтау үшін Қазақстаннан құқықтық көмек сұралды. Жақын арада әйелге қатысты түрмеге қамау түріндегі шара қолданылады. Іске қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.