МЕМЛЕКЕТ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Тарихта араға ғасыр салып дүниеге келіп, қайталанбайтын ұлы істер жасайтын ерекше тұлғалар болады. Осындай ірі тұлға, саяси қайраткер, Кемеңгер Көшбасшы – ол біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаев екені сөзсіз. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанымыз үшін ең бір қиын кезеңде ел басқару ісін қолға алып, өзінің алысты болжайтын көрегендігінің, даналығының арқасында кең-байтақ қазақ даласында жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Іргетасын қалап қана қоймай, жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрды. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев
ел тізгінін ұстаған 30 жылдың ішінде мемлекетіміз әлемді таңқалдырған жетістіктерге қол жеткізді.

Дамудың қазақстандық жолы және «Назарбаев моделі» қалыптасты. Елімізде саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар табысты жүргізіліп, аз уақыттың ішінде әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Бұл – Елбасының көреген саясатының, батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігінің арқасында келген үлкен жеңіс. Шын мәнінде Н.Назарбаев – жаңа мемлекеттің негізін қалаушы ретінде ел алдына мәңгілік мұраттарды көздейтін асқақ мақсаттар қойып, сол мақсаттардың шыңына шығара білген бірегей тұлға.

Бұл – әрбір қазақстандық үшін зор мақтаныш, абырой және биік мәртебе. Сондықтан дүние жүзіне танымал, беделді, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырлы шешім қабылдап, шынайы демократияны қолдайтын, әлемдік саяси тұлға екенінің тағы бір нақты көрсеткіші – Нұрсұлтан Әбішұлының дана, көреген, салиқалы саясатының арқасында Қазақстанымыз барлық қиындықтардан аман-есен шығып, дүние жүзі таныған абыройлы елге айналды.

Құнанбай МҰСАЕВ,

Мақтаарал аудандық сотының төрағасы, Ордабасы және

Мақтаарал аудандарының

Құрметті азаматы.