ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: басқарудың тиімді үлгісін іздеу жолында
Жоғары Кеңестен қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу талап етілді. Дегенмен депутаттар өздеріне тән әлдебір саяси түсінікпен оны жасауға асықпады. КСРО-ның ыдырауы қарсаңындағы әлсіреп тұрған саяси ахуал істі кідіртуге мүмкіндік бермейтін.
Ол кезде Жоғарғы Кеңестің үкіметке қысым жасауға мүмкіндік беретін билік ресурстарына ие болғанын және ішкі, сыртқы саясатқа айтарлықтай ықпал ете алатынын есте ұстау қажет. Өкілетті билік огандары – халық депутаттарының кеңесі жергілікті әкімшілікті бағындырып алған аймақтарда да тура осындай жағдай қалыптасты.
Осындай жағдайда Президенттің бар жауапкершілікті мойнына алып, іске кірісуіне тура келді. Мемлекетті басқару ауқымы ұайта ұйымдастырылды. Көнерген мемлекеттік органдар тартылып, орнына жаңалары құрылды. Мемлекеттік құрылымдардың өкілеттіктері мен функциялары қайта қаралды. Шешуші кадрлық өзгерістер жасалды. 1991 жылдың соңында барлық министрліктер ортақ коллегиялық орган — Министрлер кабинетіне біріктірілді, оның басшылығы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-Министрі – тәжірибелі шаруашылық ұйымдастырушысы Сергей Терещенкоға сеніп тапсырылды.