МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫ 100 ПАЙЫЗ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛҒАН

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы барлық 14 мемлекеттік емхана электронды денсаулық паспортымен қамтылған. Осының арқасында дәрігерлер науқастарға медициналық көмекті электронды форматта көрсетіп жатыр. Ол үшін интернет желісімен қаланың медицина ұйымдары 100% қамтылған.

Қаланың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшу жүзеге асырылуда. Дәрігердің қабылдауына жазылу бойынша мобильді қосымшалар енгізілді. Атап айтқанда «Дамумед» қосымшасы жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, барлық қалалық емханаларда кезектерді төмендету үшін электронды кезек жүйесі орнатылған. Ең бастысы электронды форматта халыққа медициналық көмек көрсетуде науқастың ұтатын тұстары көп. Біріншіден, ол уақытын үнемдесе, екіншіден, үйден шықпай-ақ дәрігерді үйіне шақырта алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі