МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ — ҰЛТТАРДЫ ТҰТАСТЫРАТЫН БІРДЕН-БІР ФАКТОР БОЛУҒА ТИІС

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде Президент Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Оның атауы да биыл біз үшін ерекше «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ», ол тікелей біздің этносаралық қарым-қатынас жақсарту жұмысымен байланысады. Бүгінде ел үшін оңай уақыт емес, Мемлекет басшысының әрбір сөзі мен бастамасы бүгінгі таңда өзекті болып отырған проблемаларды көріп, шешімін тауып, нақты міндеттер қойып отырғандығының тікелей көрсеткіші болып табылады.

Мен Қазақстанда туып өстім. Әке-шешем бала кезімнен Отанға деген сүйеспеншілікті көрсетіп, мен көпұлтты отбасында өсіп өзімді ұлы қазақ халқының бір бөлігі деп сезінемін. «Отан отбасынан басталады» — дегенде, бүгінгі ұрпаққа қазақ даласының қаһармандары қорғаған бейбітшілік пен келісімді сақтап әрі қарай дамыту керек.

Қазақстандықтардың бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру арқылы оның одан әрі дамыту және насихаттау – ассамблеяның, жастарының міндеттерінің бірі. Біз ертең ата-ана болып өз балаларымыздың болашағын ойлай отыра, олардың қазақ тілін білуіне жағдай жасауымыз және қолдауымыз керек. Мемлекет жағынан барлық жағдайлар жасалып отыр.

Осыған дәлел, республикалық барлық Достық үйлерінде құрылған қазақ тілді меңгеру мүмкіндігін беретін «Мәміле» клубтарын айтуға болады. Осындай бастамаларды қолдай отырып заманауи форматында жүргізген жұмысты дамыту қажетпіз.

Мысалы, Татарстанда жыл сайын күзде «Татарша диктант жаз» атты дүниежүзілік акциясы өткізіледі (50ден астам ел қатысады!). Тілді насихаттайтын бұл акция бүкіл әлемге таралды (олардың арнайы сайт та бар, әлеуметтік желілерде парақшалар, шараны дайындайтын арнайы жастар командасы және т.б.). Неге біз бұл тәжірибені қолдана алмаймыз? Әрине, бізде әртүрлі мемлекеттік тілді насихаттайтын диктанттар өткізіледі, бірақ, әдетте, бірыңғай ауқымды формат жоқ, іс-шаралар алдын-ала хабарландырусыз және әлеуметтік желілерде ақпарат таратусыз жүзеге асырылады. Сондай-ақ, оны республикадан тыс жерлерде де масштабтауға болады. ТМД елдерінде Абай атты үйлер бар, олардың қолдаумен осы жұмысты атқаруға болады деп ойлаймын.

Мемлекеттік тіл — сөзсіз, Қазақстан халқы бірлігінің бірден-бір факторы болуға тиіс. Біздер, көпұлтты еліміздің азаматтары қиын-қыстау заманда түрлі ұлттар мен ұлыстарды бауырына басып, құшақ жая қарсы алған қасиетті қазақ халқына қарыздармыз. Сондықтан, еліміздің тілін меңгеру көпұлтты жастардың, қазақстандықтардың басты мақсаты.

Сондықтан, халқымыз «Береке басы — бірлік» — дегендей этносаралық өзара түсіністікті, бейбітшілікті және тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау – біздің басты мақсатымыз.

Элина Паули,

ҚХА мүшесі