МЕМЛЕКТТІК ҚЫЗМЕТ — МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕЛБЕТІ
2013 жылы әкімшілік реформаның нәтижесінде билік элитасын 23 пайызға жаңартқан «А» корпусы құрылды. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілді. Саяси қызметтердің саны сегіз есе қысқарды.
Корпусқа іріктеу процедурасының енгізілуі – түбегейлі жаңа «әлеуметтік лифт». Мемлекеттік қызметке, сондай-ақ сот корпусына қабылдау үшін кәсіптік талаптар күшейтілді, мемлекеттік қызметкерлердің барлық деңгейінде толық аттестаттау жүргізілді.
Ел дамуының жаңа, барынша күрделі кезеңінде жекелеген іс-шаралар емес, әділеттілік қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жүйелі жұмыстар қажеттігі айқын сезілді. Бұл үшін кешіктірілмей Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік қайта құрылды, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жеке бөлімше ашылды, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданды.
2015 жылы 11 желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік құру туралы» Жарлық шықты, ол алдыңғы қатардағы міндеттерді – жаңа мемлекеттік қызмет моделін іске асыруды және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды айқындады.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро құрылды. Сол арқылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жаңа
деңгейге көтерілді. Ұлттық компанияның бірқатар лауазымды шенеуніктері мен топ-менеджерлеріне қатысты істер сотқа дейін апарылды.
2016 жылы мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылау жаңғыртылды, кадрларды іріктеу мен қызметі бойынша жоғарылатудың жаңа тетігі жасалды, бұрынғыдан бір айырмашылығы – мемлекеттік қызметке мол дайындықтан
өткен, ұстанымы қалыптасқан және кәсіби үміткерлер ғана өте алатын болады. Мемлекеттік қызметке алғаш рет келгендер тек қана төменгі қызметтерге міндетті сынақ мерзімімен және тәлімгері тағайындалып алынатын болды.
Одан кейін қызметтік баспалдақпен жоғарылату тек қана конкурстық негізде қарастырылатын болады. Бұдан бөлек, кадрларды тағайындаудың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі түріндегі мониторингтің тиімді құралы енгізілді, ол «онлайн» режимінде ел көлеміндегі барлық кадрлық өзгерістерді қадағалап
және кез келген мемлекеттік органда меритократия қағидатының бұзылғанын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Осы нақтылы шешімдер мен қадамдар – мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің шынайы сипатқа ие болып және қажетті сапалық мазмұнмен толыққанының куәсі.
Мемлекеттік қызмет қоғамды біріктіруде аса маңызды мәнге ие. Болашақта ол әділ қазақстандық социумның прототипіне айналуы тиіс, яғни меритократия қағидаттарының негізінде адамдардың барлығына өзін-өзі
жетілдіруі үшін тең мүмкіндіктер беріледі.