«МЕН КӘСІПКЕР БОЛАМЫН» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

Қазір кәсіппен айналысамын деген жанның мақсаты айқын болса, мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер көп. Мәселен, кәсіпкер боламын деген жандар үшін бір пайыздық жеңілдетілген несие барынан хабарыңыз бар ма?

Шымкент тұрғыны Гүлзина Қожабекова дәл осы жеңілдік арқылы өзінің жеке емханасын ашқан. Әйелдерге арналған жеңілдетілген несие бар екенін есітіп, «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның кәсіпкерлерге арналған фронт-офисіне барады.

«Пандемия кезінде біраз адам кәсібін жүргізе алмай қиналып қалды. Ал, біз керісінше қиын уақытта жұмысымызға кірісіп, қаншама жанға жаңа өмір сыйладық. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 1 пайыздық жеңілдетілген несие барын естіп, фронт-офиске кеңес алуға бардым. Ондағылар 21-58 жастағы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама екенін түсіндіріп, қандай құжаттар керектігін айтты. Бұл бағдарлама біз сияқты кәсібін енді бастағандарға үлкен көмек. Өзім қанша жыл қалалық ауруханада гинеколог болып қызмет атқардым. Жеке емхана ашу үлкен арманым болатын. Аталмыш бағдарламаның арқасында емханаға қажетті құрал-жабдықтарды алып, қазіргі таңда 7 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жұмыс жасаймын дегенге қазіргі таңда мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетілуде. Тек қана алғыс білдіремін, — дейді «Кожабекова ЖШС» жетекшісі Гүлзина Сайдуллақызы.

Емхана Нұрсат шағын ауданында орналасқан. Гинекологиялық орталықта жатыр мойыны патологиясын емдейді. Жаңа инновациялық технологиялар арқылы ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік бар.

Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жеңілдіктер қарастырылғандықтан, олар өз тарапынан мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша халыққа тегін қызмет көрсету үстінде.

Нұрила ШЫНӘДІЛОВА.