«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2021» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ОТБАСЫНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА ӘҢГІМЕ-СҰХБАТ ӨТТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жұлдызды 30 күн» атты іс-шара жоспары аясында Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында өткен «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауында жүлделі орынға ие болған Үсеновтер отбасының шаңырағында әңгіме-сұхбат өтті.
Іc-шара мақсаты — отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, отбасының жағымды имиджін насихаттау және жыл соңына таяп келуіне сәйкес, жылды қорытындылау.
Қонақта болған «Отырар» телеарнасының жүргізушілері сұхбаттасу кезінде, қала орталығында тұратын жанұяның ерекшелігіне тәнті болды. Ана мен келін аулада орнатылған жер тандырға нан жауып, самауырынға шай қайнатқаны туралы ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Әңгіме-сұхбатта үлкен үйдің анасы: ене де, келін де бірін-бірі сыйлап, шаңырақтың шайқалмауын ойласа, енесі келініне білмегенін үйретіп, балалығын кешіріп, қызындай көрсе, өзінің көрегендігін көрсетеді,- деді.
Сөз соңында ұлттық дәстүрімізден, сана-сезімімізден, ұлтымыздан ауытқымай, өсіп келе жатқан ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себуміз — басты міндет екені айтылып, мән-маңызы ерекше болған жиыннан ерекше әсермен тарқасты.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы