МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
2022 жылдың 8-19 наурыз аралығында Кипрдің Никосия қаласында стенд атудан Әлем Кубогы өтуде. Бұл сайысқа ұлттық құрама сапында шымкенттік спортшылар да аттанған болатын. Әйелдер арасындағы «trap» жаттығуында шымкенттік мергендер Мария Дмитриенко мен Сәрсенкүл Рысбекова қола медальға ие болды. Рейтингтік Әлем кубогы Жазғы Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін ұпай жинауға мүмкіндік береді. Жерлестерімізді Әлем кубогында жүлдегер атануымен құттықтаймыз!Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі