МОТИВАЦИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде: «Еліміздің ертеңі де – жастар! Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Бұл – бизнес ашу, білім алу, жұмысқа орналасу, табыс табу деген сөз. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифтілер іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Біздің елімізде бәсекеге қабілетті әрі талантты жастар көп. Сондықтан осындай креатив жастарға кеңінен жол ашып, жағдай жасау керек. Олар жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсайды деп сенеміз» — деген еді.

Кез-келген мемлекеттің қуатты қозғаушы күші де — жастар. «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар» жастардың бұзбайтын қамалы, бағындырмайтын асуы жоқ. Ал, тағдырдың жазуымен басына қиын іс түскен жастарға қолдау мен демеу қажет-ақ. Осы мақсатта Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “ Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және «Шаңырақ» институты қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасында өмірге деген құштарлықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Тренингті кәсіби психолог, ҚР Ассамблясының және республикалық аналар кеңесінің спикері Қойшиева Лимана Құттыбекқызы жүргізді. Жас психологтар және жалғыз басты жас аналар сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараның мақсаты өмірге деген құштарлықты арттыру және оны қалыптастыру еді. Тренинг соңындағы ақжарма пікірлер мен тілектерге қарап, мақсат орындалды деген ойға келдік.

Алтын АСҚАР