МҮГЕДЕКТІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Шымкент қаласының «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында ЕӘҚжКҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Сырым Шонанов қоғамдық қабылдау өткізді.

Орталыққа келуші қала тұрғындарынан МӘС мәселелері бойынша көп сауалдар түсуде. Сырым Жамалбекұлы тұрғындарды мүгедектікке байланысты мәселелер бойынша жеке қабылдап, Орталық мамандарымен бірлесе отырып, мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.

Атап айтқанда қоғамдық қабылдауда мүгедектік тобын ауыстыру, тегін берілетін бір реттік жөргектердің санын көбейту, мүгедек баланы оңалтуға апару, емханадан тиісті анализдерге жолдама алу, т.б. көптеген сұрақтар бойынша жауап берілді.

Іс-шарада барлық санитарлық талаптар қатаң қадағаланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі