МҰҚАҒАЛИҒА АРНАУ

Мұқағали туғаннан ақын адам,

Өлеңге жас күнінен жақын болған.

Алтынның қолда барда қадірі жоқ,

Деп бекер айтпаған ғой ата-бабам.

Барында жете алмадық қадіріне,

Кете барды қол сермеп мына әлемге.

Өлген соң бар атақты бердік үйіп,

Тірісінде біреу қолдап көтерді ме?

Ғұмыр бойы жырлап өтті әділдікті,

Жырлап өтті арам мен адалдықты.

Жыр етті мына өмірдің жалғандығын,

Кім салады екен деп ауыздығын.

Ғасырда бір туар алып адам,

Орын алған тарихтан ғажап адам.

Дүйім елдің айналып аңызына,

Орын берген жүрегінен ақын қызға.

Өлеңінен мен үлкен шабыт алам,

Талайды жырлап өткен ақын атам.

Мен де өзіңдей бір алып адам болам,

Не десе де мен нағыз ақын болам.

Қарақат БАТЫРБЕК,

Жиенқұм жалпы орта мектебінің 8 – сынып оқушысы,

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы.