Мұнайдың әлемдік бағасы өсті
Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйеніп жазады.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,51 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 64,84 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айында жеткізілетін фьючерстері 0,34 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 60,6 доллар болды.