НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Наурыз мейрамының сипаты сан алуан. Сондықтан да болар, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған шырайлы шаһарымызда іс-шаралар ізбе-із жалғасын табуда.

Осындай мәдени-көпшілік іс-шара ИЧ-167/3 мекемесінде сотталған азаматтар арасында өткізілді. Мәдени іс-шараны мекеме бастығы өзінің құтықтау сөзімен ашып берді. Іс-шарада сотталған азаматтар өздерінің әз- наурызға арнап салған әндерін шырқап, «Наурыз- күн мен түнің теңдігі» атты сахналық көріністерін қойды.

Мекеме бастығы мен орынасарлары сотталғандардың өнеріне үздік бағаларын берді. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылатынын және белсенді қатысқан азаматтарға алғыс жарияланатынын айтып өтті.